ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ АҚШ-ТЫҢ СЛОВЕНИЯДАҒЫ ЕЛШІСІ АТАНДЫ

дереккөз фото Jas Alash

АҚШ Сенаты Әсел Робертстің Словениядағы елші қызметіне кандидатурасын ресми түрде мақұлдады. Сенаттағы дауыс беру нәтижесінде 46 сенатор қолдап, 43 сенатор қарсы дауыс берген.

Әсел Робертстің кандидатурасын АҚШ президенті ұсынған. Ол наурыз айында Сенат комитетіндегі арнайы тыңдаудан өткен болатын.

Әсел Жамбыл облысында дүниеге келген. Балалық шағы мен мектептегі жылдары Алматыда өтіп, кейін отбасымен бірге АҚШ-қа қоныс аударған.

Америкада мектеп тәмамдаған соң, университетінің халықаралық қатынастар факультетінде білім алған. Студент кезінде Ақ үйде тағылымдамадан өтіп, кейін АҚШ мемлекеттік қызметінде еңбек жолын бастаған.

Ол Ақ үйдегі мансабын әкімшілігі тұсында бастап, кейін кезеңінде де қызметін жалғастырды.

Әсел Робертс әр жылдары АҚШ-тың мемлекеттік протокол жүйесінде жоғары лауазымдарда еңбек етіп, 2021 жылы протокол қызметі басшысының міндетін уақытша атқарған.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Ордабасыда «БАҚ жұлдыздары» өнер байқауы өтті

Солтүстік Қазақстанда құсбегілер сайысы өтті

berdaly_oraz

Бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер: инвестор үшін нені білу маңызды

berdaly_oraz