ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ШЕТЕЛДЕ ТҰРСА ДА ЗЕЙНЕТАҚЫ АЛУҒА ҚҰҚЫЛЫ

дереккөз фото Jas Alash

Қазақстанның Конституциялық соты шетелде тұратын қазақстандықтарға зейнетақы төлеуден бас тарту заңға қайшы екенін мәлімдеді.

Бұл мәселе шетелде тұрақты тұратын азаматшаның шағымынан кейін қаралған. Ол тек Қазақстаннан тыс жерде өмір сүргені үшін зейнетақы тағайындалмауын әділетсіз деп санаған.

Соттың түсіндіруінше, зейнетақы алу құқығы азаматтың қай мемлекетте тұратынына емес, оның еңбек өтіліне, зейнет жасына және міндетті зейнетақы жарналарының төленуіне байланысты болуы тиіс.

Яғни, Қазақстан азаматы елімізде еңбек етіп, қажетті аударымдарды төлеген болса, кейін шетелге көшкен жағдайда да зейнетақы алу құқығынан айырылмайды.

Конституциялық сот бұл шешім азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселесі қаралды

АРЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ШЕТЕЛДІК КОМПАНИЯЛАРМЕН ЖАҢА СЕРІКТЕСТІК БАҒЫТТАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ «ҚҰРМЕТ» АРДАГЕРЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo