ТҮРКІСТАН: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Дереккөз: Түркістан қаласы әкімдігі

Қала әкімінің орынбасары Мадияр Әліповтың төрағалығымен Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыстың өсуіне жол бермеу, сонымен қатар балалардың қараусыз және панасыз қалу жағдайларын болдырмау бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысы талқыланды.

Қала әкімінің орынбасары балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау – қоғам үшін аса маңызды міндет екенін атап өтіп, жауапты мекемелерге профилактикалық шараларды күшейту, өзара ықпалдастықты арттыру және әрбір жағдайға жедел әрі мұқият назар аудару жөнінде тапсырмалар жүктеді.

Түркістан қаласы әкімдігі кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және олардың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыра беретінін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

«1,3 миллионға жуық ағаш отырғызу жоспарлануда»Түркістан облысында көгалдандыру жұмыстары қарқын алады

berdaly_oraz

2025 жылы Түркістан облысындағы 41 елді мекенге табиғи газ жеткізілді

berdaly_oraz

Трамптың жеңісі ме, әлде Иранның төзімі ме? Таяу Шығыстағы соғыс кімнің пайдасына аяқталды?

Redaktor Arysinfo