ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ КЕМІНДЕ ҮШ ЖЫЛ САЙЫН КӨТЕРІЛЕДІ

дереккөз фото Jas Alash

Қазақстан Президенті «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңға және мемлекеттік қызмет саласына қатысты бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізетін заңға қол қойды.

Жаңа түзетулерге сәйкес, енді мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы кемінде үш жылда бір рет қайта қаралып, өсіріліп отырады.

Сонымен қатар заңда мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдауға бағытталған бірқатар жаңа нормалар қарастырылған.

Атап айтқанда:
• қоныс аудару кезінде тұрғын үй төлемдерін беру;
• жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларға қатысу мүмкіндігін ұсыну;
• балаларын балабақшаға кезектен тыс орналастыру.

Бұдан бөлек, еңбек өтілі 25 жылдан асқан және мемлекеттік наградалары бар қызмет ардагерлеріне зейнетке шыққан кезде біржолғы төлем төлеу нормасы енгізілді.

Жаңа өзгерістер мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыруға, мамандарды қолдауға және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

2025 жылдың Наурыз айында қазақстандықтарды ұзақ демалыстар күтіп тұр

berdaly_oraz

Түркістан облысында ауыл шаруашылығын зерттеу орталығы мен университетін ашу бойынша келіссөз жүргізілді

ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫСТЫҚ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2025» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Redaktor Arysinfo