Дереккөз, фото: Шардара ауд әкімдігі
Арман Қарсыбаев Шардара СЭС нысанына арнайы барып, станцияның қазіргі жұмыс барысымен танысты.
Аудан әкіміне мекеменің басқарма төрағасының бірінші орынбасары әрі бас инженері Сырым Мәмбетов су қоймасындағы су көлемі, су ағымының деңгейі және гидроэлектр станциясының жұмыс режимі жөнінде мәлімет берді.
Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда су қоймасындағы жағдай тұрақты. Су ағымы қалыпты деңгейде сақталып, нысан үздіксіз жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта су ағымының көлемі секундына 415 текше метрді құрап отыр.
Сонымен қатар су ресурстары тұрақты бақылауда екені және қажетті шаралардың кезең-кезеңімен атқарылып жатқаны айтылды.
Жалпы, Шардара СЭС-індегі жағдай бақылауда болып, барлық жүйелер штаттық режимде жұмыс істеуде.
