ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТҮРКІСТАН МАҚАМДАРЫ» ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі

Отырар ауданы аудандық мәдениет сарайында республикалық «Түркістан мақамдары» термешілер байқауы өтті. Өнер сайысына еліміздің әр өңірінен келген жыршы-термешілер қатысып, ұлттық өнер мен дәстүрлі терме мәдениетін насихаттады.

Байқаудың мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, халықтық өнерді кеңінен таныту, тіл мәдениетін дамыту және дәстүрлі ән-терме өнерін қолдау. Сонымен қатар ұмыт бола бастаған шығармаларды жаңғыртып, жас орындаушылардың шығармашылық шеберлігін шыңдау мен тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау көзделді.

Байқау барысында қатысушылар дәстүрлі терме орындаудағы шеберліктерін көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдені Лес Ернұр иеленді. І орын Қуаныш Алғазиевқа бұйырды.

ІІ орын Нұрәли Есхат пен Есімхан Жасұланға берілді. Ал ІІІ орынды Сырсұңқар Базарбайұлы, Базарбай Азамат және Сатыбалды Мағжан өзара бөлісті.

Сондай-ақ байқауда арнайы жүлделер табысталды. Ергат Тәжібаев Құлыншақ Кемелұлы атындағы арнайы жүлдені иеленсе, Серікбай Ықылас Майлықожа Сұлтанқожаұлы атындағы арнайы жүлдеге ие болды. Ал Қызыл Жырау атындағы арнайы жүлде Айдана Шымболатқа табысталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау ұлттық руханиятты насихаттап, дәстүрлі терме өнерінің дамуына және жас өнерпаздарды қолдауға бағытталды.

Ұқсас жаңалықтар

Отырар ауданында дезинсекциялық шаралар жалғасуда

Арыс қаласында 600 орындық жаңа «Келешек мектебі» ашылды

berdaly_oraz

Жетісайда ауыл шаруашылығы: өндіріс көлемі 120 млрд теңгеге таяды

berdaly_oraz