НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҚАЛАМГЕРЛЕРМЕН РУХАНИЯТ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Түркістанда мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай рухани мазмұндағы маңызды кездесу өтті. Нұралхан Көшеров ел руханияты мен әдебиетіне үлес қосып жүрген қаламгерлермен жүздесіп, пікір алмасты. Басқосуға Қазақстан Жазушылар одағы төрағасы Мереке Құлкенов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын әрі этнограф Қасымхан Бегманов және ақын Қалқаман Сарин қатысты.

Кездесу барысында ел руханияты, ұлттық әдебиет, тарихи мұра және Түркістан қаласының түркі әлеміндегі тарихи миссиясы кеңінен сөз болды. Облыс әкімі мәдениет пен өнер – ұлттың рухани тірегі екенін атап өтіп, өңірде әдебиет пен мәдениетке қолдау тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді.

Аймақ басшысы Мемлекет басшысының бастамасымен Түркістан өңірінде ауқымды жаңғыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар жуырда өткен түркі мемлекеттері басшыларының бейресми саммитінде Түркістанның ортақ өркениеттің алтын бесігі, бауырлас халықтардың рухани тұғыры ретінде жоғары бағаланғанын айтты.

Түркістан – тек қазақтың ғана емес, тұтас түркі жұртының қасиетті мекені. Қасиетті шаһарда өткен түркі мемлекеттері басшыларының бейресми саммитінде Түркістанның аты ерекше құрметпен аталды. Бұл – бүкіл Алаш жұрты үшін үлкен мәртебе. Ғасырлар бойы ақындар мен жыраулар жырлаған көне шаһар бүгінде жаңа дәуірдің рухани астанасына айналып отыр. Сондықтан Түркістанды дәріптеу – тарихымызды, мәдениетімізді және ұлттық рухымызды ұлықтау, – деді Нұралхан Көшеров.

Кездесу барысында әдебиет пен мәдениетті қолдау, өңірдегі рухани іс-шаралардың аясын кеңейту мәселелері де қозғалды. Түркістан төрінде халықаралық деңгейдегі әдеби форумдар мен рухани кездесулер өткізудің маңыздылығы айтылды.

Өз кезегінде Мереке Құлкенов Түркістанның жаңарған келбеті қазақ руханияты үшін үлкен қуаныш екенін жеткізді.

Түркістан – ұлттың рухани тірегі. Бұл қалада тарихтың үні мен бабалардың ізі бар. Соңғы жылдары Түркістанның жаңарған келбеті күллі қазақ елінің мерейін өсірді. Мұнда руханиятқа деген ерекше жанашырлық бар екенін көріп отырмыз. Әдебиетке қолдау көрсету – ұлттың болашағына қолдау көрсету деген сөз, – деді қаламгер.

Ал Қасымхан Бегманов көне шаһарды Алаш жұртының жүрегі деп бағалап, Түркістанның қасиеті ғасырлар бойы жырланып келе жатқанын атап өтті.

Бүгінде бүкіл түркі дүниесі Түркістанға айрықша ықыласпен қарап отыр. Түркістан – тарихтың ғана емес, болашақтың да қаласы. Бүгінгі Түркістан – жаңарудың, жаңғырудың символы. Қаламгерлерді арнайы қабылдап, руханиятқа қолдау көрсеткеніңіз үшін алғысымды білдіремін, – деді ол.

Кездесуде қазақ әдебиетін дамыту, ұлттық құндылықтарды насихаттау, тарихи мұраны дәріптеу бағытындағы бірлескен жобалар талқыланды. Сонымен қатар Түркістанның халықаралық мәдени-гуманитарлық орталық ретіндегі рөлін күшейту мәселесіне ерекше назар аударылды.

Жиын қорытындысында зиялы қауым өкілдері өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, Түркістанның рухани дамуына бағытталған бастамаларға сәттілік тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕФЕРЕНДУМ АЯСЫНДА «АКВАГРИМ» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

Redaktor Arysinfo

Кеурекке көз алартқандарға тосқауыл бар ма?

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШТЕРІ ЗАҢ НЕГІЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ

berdaly_oraz