ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Түркістан облысында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті мәжілісі өтті. Жиынға құқық қорғау органдары мен тиісті басқарма басшылары, сондай-ақ аудан, қала әкімдіктерінің өкілдері қатысты. Онда өткен жылғы жұмыстар мен биылғы 4 айдың қорытындысы сараланып, алдағы жоспарлар нақтыланды.

Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — басты міндет екенін атап өтіп, бірқатар бағыттар бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. Әсіресе суицид пен ерте жүктіліктің алдын алу, мектеп психологтарының жұмысын жүйелеу және жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздікке ерекше назар аудару қажеттігі айтылды.

Жиында сондай- ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық деректері қаралып, жауапты мекемелердің есептері тыңдалды. Қорытындысында көтерілген мәселелер бойынша нақты шаралар қабылдап, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.

Ұқсас жаңалықтар

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІНДЕГІ ХҚКО ЖӘНЕ МХҚКО ЖҰМЫС КЕСТЕСІ ЖАРИЯЛАНДЫ

berdaly_oraz

«Аудан әкімі жедел әрекетке көшті» Арыс – Монтайтас бағытындағы жол ақауы жөнделмек

berdaly_oraz

Шардара қаласының барлық шағынаудандарына су жіберілді