ТҮРКІСТАНДА МЕГА ФЕРМА ІСКЕ ҚОСЫЛУДА

 Арыс маңында мемлекет қолдауымен 50 000 басқа арналған ірі бордақылау кешені іске асырылуда. Бұл – өңірдегі ауыл шаруашылығы саласындағы ең ауқымды жобалардың бірі.

Қазіргі таңда кешенде 30 000-ға жуық ірі қара мал бордақылануда. Заманауи технологиямен толық жабдықталған фермада барлық өндірістік үдерістер автоматтандырылған.

 Өнімдер ішкі нарықпен қатар шетелге де экспортталуда. Алдағы уақытта кәсіпорын жаңа халықаралық нарықтарды игеруді көздеп отыр.

Бұл жоба Түркістан облысының экономикасына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Қазақстанның ет экспорттық әлеуетін арттыруға үлкен үлес қосады.

Ұқсас жаңалықтар

Республикалық «Ұлттық мектеп лигасында» Сайрамдық оқушылар топ жарды

Сайрамдық жас садақшылар облыс чемпионатында топ жарды

berdaly_oraz

ҚАРАБҰЛАҚ АУЫЛ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

berdaly_oraz