Түркістанда әдебиет пен мәдениет өкілдерімен маңызды кездесу өтті

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазақстан руханияты мен әдебиетінің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген қаламгерлермен кездесті. Тағылымды басқосуда ұлттық құндылықтарды дәріптеу, әдебиет пен мәдениетті дамыту, жас буынның рухани тәрбиесі мәселелері кеңінен талқыланды.

Кездесу барысында өңір басшысы мәдениет пен әдебиет – ұлттың рухани тірегі екенін атап өтіп, қаламгерлердің қоғамдағы орны ерекше екенін жеткізді. Өз кезегінде зиялы қауым өкілдері шығармашылық саланы қолдау, руханиятты жаңғырту бағытындағы ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Басқосу еркін пікір алмасу форматында өтіп, ел руханиятын дамыту жолындағы өзекті мәселелер қозғалды. Сонымен қатар мәдениет қызметкерлері мен әдебиет өкілдерінің еңбегіне құрмет көрсетіліп, олардың ұлттық құндылықтарды ұлықтаудағы рөлі жоғары бағаланды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда мектеп директорларына арналған облыстық форум өтті

Альфия Адамбек

ТҮРКІСТАННЫҢ КРЕАТИВ ӘЛЕМІ АСТАНАНЫ АЛАҢДАТПАҚ

Redaktor Arysinfo

Шымкентте жаяу жүргіншілер жолында тұрғынды көлік қағып кетті

berdaly_oraz