ӨСУ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАДЫ

Түркістан облысында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылып жатқан кешенді жұмыстар өз нәтижесін беріп келеді. 2026 жылдың қаңтар, сәуір айларының қорытындысы бойынша өңір экономикасында оң динамика сақталып, қысқа мерзімді экономикалық өсім 125,2%-ды құрады. Осы көрсеткіштің нәтижесінде облыс республика бойынша бірінші орынға көтерілді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбектің төрағалығымен өткен жиында айтылды. Жиын барысында әлеуметтік- экономикалық даму қорытындылары мен бюджеттің атқарылу көрсеткіштері қаралды.

Облыс әкімінің орынбасары жауапты сала жетекшілеріне жұмысты жандандырып, нақты тапсырмалар берді.

Тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін инвестициялық жобаларды іске асыру мен әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салу маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты өңірлер бөлінісіндегі жоспарлардың толық орындалуы қамтамасыз етілуі тиіс. Әлеуметтік– экономикалық даму межелеріне қол жеткізу мақсатында жүйелі жұмыс жүргізу қажет. Сонымен қатар республикалық және облыстық бюджет қаражатының уақытылы әрі тиімді игерілуі қатаң бақылауда болуы керек, – деді Қанат Қайыпбек.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар–сәуір айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 571,7 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33%-ға артқан. Өңдеу өнеркәсібінде 272,7 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 56,5%-ға өсім тіркелді. Тау-кен саласында 244,7 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 17,6%-ға ұлғайды.

Ауыл шаруашылығы саласында 205,9 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 11,3%-ды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 470,2 млрд теңгеге жетіп, 57,4%-ға артты. Құрылыс жұмыстарының көлемі 95,8 млрд теңгені құрап, 10,3%-ға өсім көрсетті.

Облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының мәліметіне сәйкес, 1 мамырдағы жағдай бойынша бюджет түсімдері 105%-ға орындалып, жоспардан тыс 22,7 млрд теңге қосымша кіріс түскен. Артық түсім негізінен өзіндік кірістер есебінен қамтамасыз етілген.

Жиын қорытындысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты бақылауда екені айтылып, алдағы жұмыстарды күшейту тапсырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Айбек Дәдебай «Әділет» партиясын басқаруы мүмкін

Түркістан облысында «Жасыл аймақ» КММ-нің бұрынғы басшысы сотталды

berdaly_oraz

Түркістан қаласында биыл 3000-нан аса пәтер пайдалануға беріледі