Бірқатар өнер қайраткері «Қазақстанның халық әртісі» атағын алды

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері мен ел дамуына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградамен марапатталды.

«Қазақстанның халық әртісі» атағын алғандар:
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының әртісі Бахтияр Қожа;
А.П. Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театрының актрисасы Нина Макарова;
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актері Азат Сейітметов.

Өнер иелерін жоғары марапаттарымен құттықтаймыз! Ел руханияты мен мәдениетінің дамуына қосқан үлестері зор.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚОСТАНАЙ ТЕАТРЫ «МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА» СПЕКТАКЛІН САХНАЛАДЫ

Redaktor Arysinfo

Ақтөбеде алаяқтар зейнеткерді емхана атынан алдап, 750 мың теңгесінен айырған

Redaktor Arysinfo

Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту мәселесі күн тәртібінде