ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ: МОНТАЙТАС АУЫЛЫНДА ТҮЛЕКТЕР ДЕМЕУШІЛІГІМЕН АРКА ОРНАТЫЛДЫ

Арыс қаласына қарасты Монтайтас ауылында Б.Онтаев атындағы мектептің 20 жылдық түлектерінің демеушілігімен ауылдың кіреберісіне еңселі арка орнатылып, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Туған ауылдың көркеюіне үлес қосуды мақсат еткен түлектердің бұл игі бастамасы – туған жерге деген жанашырлық пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісі. Ауылдың ажарын айшықтай түскен жаңа сәулеттік нысан елді мекеннің көркін арттырып, тұрғындар үшін маңызды орындардың біріне айналмақ.

Ауылдың абаттануына қолдау білдіріп, қоғамдық ортаға жанашырлық танытқан азаматтардың еңбегі көпшілік тарапынан жоғары бағалануда.

Туған жердің өркендеуі – баршаға ортақ міндет. Осы ретте, ауылдың дамуына үлес қосқан азаматтарға шынайы алғыс білдіреміз!

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында жол құрылысына неміс технологиясы енгізілуі мүмкін

berdaly_oraz

Президент Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады

berdaly_oraz

ТОЙДАН КЕЙІН 100-ДЕН АСТАМ АДАМ АУРУХАНАҒА ТҮСТІ

Redaktor Arysinfo