ҚАЗАҚСТАНДА МЕКТЕП БІТІРУ ЕМТИХАНДАРЫНЫҢ ӨТЕТІН КҮНІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

ҚР Оқу-ағарту министрлігі 2025-2026 оқу жылындағы қорытынды аттестаттау мерзімдерін бекітті.

9-сынып оқушылары үшін бітіру емтихандары 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Оқушылар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтихан тапсырады.

11-сынып түлектерінің мемлекеттік емтихандары 2-15 маусым аралығына жоспарланған. Түлектер бес емтихан тапсырады, оның біреуі ауызша форматта өтеді.

Аттестаттарды тапсыру рәсімі 17-18 маусым күндері ұйымдастырылады. Салтанатты шаралар мектеп ғимараттарында өткізіліп, мектеп әкімшілігінің шешімі және ата-аналар комитетімен келісім негізінде жүзеге асады.

Ұқсас жаңалықтар

Түлкібас ауданын дамыту жолдары талқыланды

berdaly_oraz

Қой етіне қол жетпей бара ма? Қазақстанда баға бір жылда 27,9%-ға шарықтады

Redaktor Arysinfo

Түркістандағы арнайы экономикалық аймақта ірі зауыттардың құрылысы жүріп жатыр

berdaly_oraz