Ұлытау облысындағы кеніш апаты: Қаза болған кеншілердің отбасыларына өтемақы төленеді

«Қазақмыс» компаниясы өндірістік апат салдарынан қаза болған кеншілердің отбасыларына материалдық көмек көрсететінін мәлімдеді.Бұл туралы Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.

Компания мәліметінше, марқұм болған жұмыскерлердің отбасыларына олардың орташа жылдық жалақысының 10 еселенген мөлшері төленеді. Сонымен қатар, жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру үшін 2 миллион теңгеден астам қаржы қарастырылған.

Ұлытау облысының әкімдігі де зардап шеккен отбасыларға жан-жақты қолдау көрсететінін хабарлады. Жергілікті билік психологиялық және әлеуметтік көмек ұйымдастырып, марқұмдардың жақындарына қажетті моральдық қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.

Бұл жағдай тағы да өндірістік қауіпсіздік мәселесінің өзекті екенін көрсетті. Кен орындарында жұмыс істейтін жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, алдын алу шараларын күшейту – қайғылы оқиғалардың қайталанбауы үшін маңызды қадам.

Қазір тиісті органдар апаттың себептерін анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізуде. Құзырлы мекемелер өндірістегі қауіпсіздік талаптарының сақталуын жан-жақты зерттеп, тиісті шешімдер қабылдайды деп күтілуде.

Қаза тапқан кеншілердің жақындарына редакция атынан қайғырып көңіл айтамыз.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қанат Бозымбаев: Тергеу аяқталғанша шахтадағы жұмыс тоқтатылады

berdaly_oraz

Туризм және спорт министрлігі «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілікке қатысты

berdaly_oraz

Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында әкімдік 2025-2027 жылдар аралығында бірқатар жаңа шараларды қолға алмақ

berdaly_oraz