ШЫМКЕНТ: «ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» – ЖАС ТҮЛЕКТЕРГЕ МОЛ МҮМКІНДІК

Дереккөз, фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан «Жастар практикасы» бағдарламасы жас түлектердің алғашқы еңбек жолын бастауына және мамандығы бойынша тәжірибе жинақтауына мүмкіндік беріп келеді. Биыл Шымкент қаласында аталған бағдарлама аясында 1 721 жасты жұмыспен қамту жоспарланған. Қазіргі таңда 336 жас маман өз саласы бойынша тәжірибе жинақтап, кәсіби біліктілігін арттыруда.

Бағдарлама игілігін көріп отырған жастардың бірі – Нұргүл Жанет. Ол 2025 жылы жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін жұмыс іздеп, Enbek.kz порталы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелген. Кейін «Жастар практикасы» бағдарламасы негізінде Орталық Азия инновациялық университеті жанындағы «Бастапқы әскери дайындық және денешынықтыру» кафедрасына әдіскер болып жұмысқа орналасқан.

Бүгінде жас маман жаңа ортада тәжірибе жинақтап, кәсіби дағдыларын жетілдіруде. Оның айтуынша, бағдарлама жас түлектердің еңбек нарығына бейімделуіне және мамандығы бойынша алғашқы қадам жасауына үлкен қолдау көрсетеді.

Бағдарламаға жасы 35-тен аспаған, жоғары немесе арнаулы орта білімі бар, соңғы үш жыл ішінде оқу орнын тәмамдаған және жұмыссыз ретінде тіркелген жастар қатыса алады. Қатысу мерзімі – 12 ай.

Қатысушыларға 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде жалақы төленеді. Еңбекақы мемлекет тарапынан субсидияланады.

Айта кетейік, биыл Шымкент қаласында «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыс», «Күміс жас» және «Әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламалары арқылы 4 335 адамды уақытша жұмыспен қамту жоспарланған. Қазіргі уақытта бұл бағдарламаларға 1 367 адам қатысып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

МАҚТААРАЛ: 64-ШІ АУЫЛ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

berdaly_oraz

Жаңа Конституцияны қолдауға қатысты әр партияның өз ұстанымы бар

Redaktor Arysinfo

РЕФЕРЕНДУМ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛДІ 

berdaly_oraz