МЫРЗАКЕНТТЕ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛУДА

Дереккөз, фото: Мақтаарал ауд әкімдігі

Мырзакент кентінде елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалықты сақтау және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Аудан әкімі Бақыт Асановтың тапсырмасына сәйкес, кент аумағында көркейту және көгалдандыру шаралары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.

Қазіргі таңда Мадиходжаев, Әл-Фараби және Жеңіс көшелерін қамтитын жаңа аяқжол құрылысы жүргізілуде. Ұзындығы 650 метр болатын жаяу жүргіншілер жолы тұрғындардың қауіпсіз әрі ыңғайлы қатынауына мүмкіндік бермек. Әсіресе, мектеп оқушылары мен күнделікті жаяу жүретін тұрғындар үшін бұл нысанның маңызы зор.

Құрылыс жұмыстарының барысымен аудан әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков және кент әкімі Мамыр Бейсенбаев арнайы танысты. Қазіргі уақытта қызыл сызық аумағында орналасқан бірнеше тұрғын үй қоршауларын алу жұмыстары жүргізіліп, аяқжолдың жиек тастары орнатылуда.

Жауапты мамандар құрылыс сапасы мен мерзіміне назар аударып, инфрақұрылым желілерінің орналасуын зерделеді. Сонымен қатар, аяқжол құрылысына кедергі келтіретін газ желілерін көшіру мәселелері де қарастырылды.

Кездесу барысында тұрғындарға жобаның маңыздылығы түсіндіріліп, ортақ іске түсіністікпен қараған азаматтарға алғыс білдірілді. Мамандардың айтуынша, мұндай инфрақұрылымдық жобалар ауданның келбетін жақсартып қана қоймай, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға да ықпал етеді.

Айта кетейік, Мырзакент кентінде алдағы уақытта да абаттандыру, жол инфрақұрылымын жаңарту және көгалдандыру бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ОРДАБАСЫДА «ӘР ДАУЫС — БОЛАШАҚҚА АРТЫЛҒАН ҮМІТ» АТТЫ АКЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАНДА ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРДЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҢҒЫРТУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

berdaly_oraz

ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: 130-ДАН АСТАМ ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ

berdaly_oraz