ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ ӘЛЕМНІҢ 90 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН ШАҚЫРТУ АЛДЫ

Дереккөз, фото: Шымкент қаласы әкімдігі

А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының 11 «З» сынып оқушысы Набира Перналы шетелдік 90 жоғары оқу орнынан шақырту алып, үлкен жетістікке қол жеткізді. Жас түлек өзінің терең білімі мен тынымды еңбегінің арқасында әлемнің беделді университеттерінен білім гранттары мен ұсыныстар иеленген.

Шақырту жолдаған оқу орындарының қатарында АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Австралия, Еуропа елдері және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі жетекші университеттер бар.

Көптеген мүмкіндік арасынан Набира болашағын Оңтүстік Корея елімен байланыстыруды таңдаған. Ол халықаралық деңгейдегі беделді оқу орындарының бірі – INHA University университетінде «Халықаралық бизнес және қатынастар» мамандығы бойынша білім алуды жоспарлап отыр.

Мектеп ұжымы мен ұстаздары талапты оқушының жетістігін мақтанышпен атап өтіп, оған алдағы оқу жолында сәттілік тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы индикаторларын орындау бойынша көшбасшылар қатарында

Түркістан облысында жүзеге асатын жаңа сәулеттік жобалар талқыланды

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЕРЕЖЕСІН ӨРЕСКЕЛ БҰЗҒАН ЖҮРГІЗУШІНІҢ ЖОЛЫН КЕСТІ

Redaktor Arysinfo