ШОЛАҚҚОРҒАНДА ҚАШҚЫНБАЙ КЕНЖЕХАНҰЛЫН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР ӨТУДЕ

Дереккөз, фото: Созақ ауд әкімдігі

Шолаққорған ауылындағы спорттық-сауықтыру кешенінде Қазақстан Республикасының дене тәрбиесі мен спортына сіңірген еңбегі үшін Құрмет белгісінің иегері, білікті жаттықтырушы Қашқынбай Кенжеханұлының 80 жылдығына арналған жасөспірімдер арасындағы ашық күрес турнирінің салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы жас спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, аудан көлемінде спорт саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен жас спортшыларға жасалып отырған мүмкіндіктерге тоқталды.

Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов, ауданның Құрметті азаматтары әрі спорт ардагерлері Анарбай Шәдібеков пен Жетілген Сармантаев сөз сөйлеп, Қашқынбай Кенжеханұлының ел спортына сіңірген еңбегі мен шәкірт тәрбиелеудегі өнегелі жолын еске алды.

Жаттықтырушының жақын туысы Сейдахмет Сиқымбаев ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, турнирдің жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына тоқталды.

Биылғы жарысқа облыстың әр өңірінен келген 10 команда құрамындағы 160 жас спортшы қатысып, боз кілемде бақ сынауда. Дәстүрлі турнир 1996 жылдан бері аудан әкімдігі мен шәкірттерінің қолдауымен тұрақты ұйымдастырылып келеді.

Қашқынбай Кенжеханұлы 1946 жылы Қаратау баурайындағы Жартытөбе ауылында дүниеге келген. Ол 1970 жылы Созақ ауданындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашылуына ұйытқы болып, аудан спортының дамуына елеулі үлес қосты. Сол жылы аудандық спорт мектебінің алғашқы директоры қызметіне тағайындалған.

Ұстаз тәрбиелеген шәкірттер түрлі облыстық және республикалық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғап келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс жастары «BIR TOLQYNDA» кешінде бас қосты

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЫЛҒАЛДЫ КӨП ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ДАҚЫЛДАРДЫ ЕГУ ЛИМИТТЕРІ ҚАЙТА ҚАРАЛДЫ

berdaly_oraz

Түркістанда ҚР Пара пауэрлифтинг федерациясының филиалын ашу мәселесі қаралды

berdaly_oraz