Халық қаһарманының ұрпағы: “Әкеміздің марапатын қанша жыл күттік…”

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық қаһарманы Кенжебай Мәденовтің ұлы Махамбет Кенжебайұлына айрықша марапат – «Алтын жұлдыз» бен «Отан» орденін салтанатты түрде табыстады.

Толқыған сәтте батырдың ұлы бұл марапаттың отбасы үшін қаншалықты маңызды болғанын жасырмады. Ол әкесінің ерлігі ұзақ жылдар бойы ел жадында сақталып келгенін, ал бүгінгі күн – сол тарихи әділеттің орнаған сәті екенін айтты.

Кенжебай Мәденов 19 жасында взвод командирі болып тағайындалып, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында ерекше ерлік көрсеткен. Берлин операциясы кезінде оның взводы Ратуша ғимаратының төбесіне Жеңіс туын тігуге қатысқан тарихи бөлімдердің бірі болған.

Тарихи деректер мен естеліктерде оның әскери шеберлігі, батылдығы және жауынгерлеріне рух бере білген көшбасшылық қасиеті ерекше аталады. Орыс және неміс зерттеушілерінің еңбектерінде де Мәденовтің есімі жеңіске жетелеген командир ретінде көрсетіледі.

Бүгінде оның ерлігі ұрпаққа үлгі болып, ел жадында мәңгі сақталып келеді. Марапаттың ұрпағына табысталуы – тарихи әділеттің жаңғыруы ретінде бағаланды.

Ұқсас жаңалықтар

ЕЛІМІЗДЕ ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАУҚАН БАСТАЛДЫ

berdaly_oraz

Алматыда Өтеген батыр көшесінің бойындағы қойма өртеніп жатыр

berdaly_oraz

Қытай сапары аясында Түркістан облысында сарымсақты терең өңдеу ісін бастау бойынша келіссөз жүргізілді