ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА НӨСЕР ЖАУЫННАН КЕЙІНГІ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТАНДЫ

Түркістан облысының Төлеби және Қазығұрт аудандарында нөсер жауыннан кейін кейбір тұрғын үйлердің аулаларына жаңбыр суы жиналып, уақытша қолайсыздық туындады. Қазіргі уақытта жауын тоқтап, жағдай тұрақты бақылауға алынған.

Облыстық ТЖД мәліметінше, Төлеби ауданында 3 үйдің ауласы мен 1 тұрғын үйге су кірсе, Қазығұрт ауданындағы Қ.Мәмбетұлы және Жіңішке ауылдарында бірнеше ауланы су басқан. Ал келтірілген шығын көлемі анықталса, оны өтеу мәселесі әкімдік тарапынан қарастырылмақ.

Су басу қаупінің алдын алу және суды бұру жұмыстарына жедел түрде күш жұмылдырылды. Оқиға орнында 100-ден астам маман, 20- ға жуық техника және 14 мотопомпа жұмыс істеді.

Қазығұрт ауданына облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов барып, жағдаймен танысып, жауапты органдарға нақты тапсырмалар берді. Елді мекендерде қалпына келтіру және тазарту жұмыстары жалғасуда.

Су нысандары мен өзен-көлдердің деңгейі тұрақты бақылауда. Жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар қызметі жағдайды толық қадағалауда.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН «ҚАЗАҚ КҮШІНІҢ КАРТАСЫНА» 15 БАЛУАНТАС ЕНДІ

Альфия Адамбек

Түркістан облысында 2025 жылдың І жартыжылдығында өзіндік кірістер көлемі артқан

Түркістанда Мажарстандық инвестициямен құрама жем зауыты салынады

berdaly_oraz