СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ — ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ

Сыбайлас жемқорлық кез келген мемлекеттің дамуына кері әсер ететін,қоғамның сеніміне сызат түсіретін және әділдік қағидаттарын әлсірететін қауіпті әлеуметтік құбылыс. Ол экономикалық өсімді тежеп қана қоймай, халық пен мемлекеттік институттардың арасындағы сенімді азайтады.

Сондықтан, бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу ғана емес, ең алдымен оған мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру  мемлекет пен қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі болып отыр.

Өйткені, сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімді болуы тек құқық қорғау органдарының немесе мемлекеттік мекемелердің қызметімен шектелмейді.Ол бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Әрбір азамат жемқорлыққа қарсы ұстанымды өз өмірлік қағидатына айналдырған кезде ғана оң нәтижеге қол жеткізуге болады.

Бұл ретте, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениеті ең алдымен адалдық, әділдік, жауапкершілік секілді құндылықтарды дәріптеуден басталады. Отбасында берілген тәрбие, білім беру ұйымдарындағы құқықтық түсіндіру жұмыстары және қоғамдағы моральдық ұстанымдар адамның жемқорлыққа деген көзқарасын қалыптастырады.

Егер жастарға ерте жастан адал еңбек ету, заңды құрметтеу және әділ болу қасиеттері сіңірілсе, болашақта қоғамда парақорлық пен заңсыз әрекеттерге жол берілмейді.

Осы орайда, әрбір азамат өзінің іс-әрекеті арқылы қоғамның дамуына үлес қосып, адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын берік ұстануы қажет.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Түркістан облысы бойынша

департаментінің бас маманы

Н. Тәжітіллә

Ұқсас жаңалықтар

Нартай Сәрсенғалиев: Пранк жасаймын деп қоғам тынышын бұзатындар көбейді

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

berdaly_oraz

ОҚУ-СПОРТ ОРТАЛЫҚТАРЫ АУЫЛ БАЛАЛАРЫНА ЖАҢА МҮМКІНДІК АШУДА

berdaly_oraz