Жамбыл облысында полиция қызметкері қызметтік ғимаратта көз жұмды

дерекөз фото  Stan.kz 

Жамбыл облысының Қордай ауданында полицияның арнайы жасақ инспекторы қызметтік казарма аумағында жарақат алып, кейін ауруханада қайтыс болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, 1995 жылы туған полиция қызметкері қызметтік ғимарат ішінде табельдік қарудан жарақат алған. Оқиғадан кейін ол дереу медициналық мекемеге жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Оқиға арнайы жасақ орналасқан казарма аумағында болғаны хабарланды.

Жамбыл облыстық Полиция департаменті бұл дерек бойынша ресми ақпарат таратып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеді. Тергеу аясында оқиғаның барлық жағдайлары мен себептері қарастырылуда.

Қазіргі уақытта өзге мәліметтер жария етілген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Әлеуметтік осал топтарға жалдамалы тұрғын үй арзандайды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНДЫ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ ЖОЛДАУДАҒЫ МІНДЕТТЕРДІ САРАЛАДЫ

Redaktor Arysinfo