Павлодардағы алюминий зауытында екі жұмысшы жарақат алды

дереккөз фото Jas Alash

Павлодар алюминий зауытында өндірістік оқиға болып, екі жұмысшы зардап шекті.

Оқиға 16 мамыр күні кешкі уақытта №3 пештің кептіру аймағын тазалау кезінде болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, учаскедегі қатып қалған материалдың бір бөлігі опырылып, сол маңда тұрған жұмысшыларға құлаған.

Салдарынан диірмен машинисі оң аяғының сүйегін сындырып, ауруханаға жеткізілді. Ал екінші жұмысшы аяғын соғып алған. Дәрігерлердің тексеруінен кейін ол үйіне жіберілген.

Компания таратқан ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендерге дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, қажетті ем шаралары ұйымдастырылған. Сонымен қатар тексеру барысында қауіпті өндірістік нысанда апат белгілері анықталмағаны хабарланды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 1000-ға жуық тамақтану орны санитарлық тексеруден өтті

berdaly_oraz

АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ

САРЫАҒАШТА ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ҚАРҚЫН АЛДЫ

berdaly_oraz