дерекөз фото
Батыс Қазақстан облысында 9 жасар Бейбарыс өрт шыққан үйден екі інісін құтқарып қалды.
Оқиға ақпан айында болған. Сол күні ата-анасы жұмыста жүргендіктен, Бейбарыс үйде інілерін қарап қалған. Осы сәтте электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан үй ішінде өрт шығып, баспана тез арада қою түтінге толған.
Қауіпті жағдайға қарамастан, 9 жасар бала сабыр сақтап, жалын мен түтін арасынан інілерін қауіпсіз жерге алып шығуға үлгерген.
Бейбарыс – бес балалы отбасының екінші перзенті. Қазіргі уақытта отбасы ата-анасымен бірге уақытша коммуналдық пәтерде тұрып жатыр.
Мамандар мұндай жағдайларда балаларға қауіпсіздік ережелерін үйретудің маңызын атап өтуде.
