Арыста жасөспірімдер арасында халықаралық бокс турнирі өтуде

Арыс қаласында жасөспірімдер арасында халықаралық бокс турнирі басталды. Бұл жарыс қазақ боксының дамуына зор үлес қосқан КСРО спорт шебері Арысбек Ибадуллаевтың құрметіне ұйымдастырылды.Бұл туралы Arysinfo.kz тілшісі хабар таратады.

Турнирдің ашылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық, ардагер бапкер Арысбек Балабекұлы, сондай-ақ оның шәкірттері – әлем чемпионы Біржан Жақыпов пен ережесіз жекпе-жек шебері Бағдат Дүйсембаев қатысты. Қала әкімінің орынбасары өз сөзінде жас спортшыларға сәттілік тілеп, бокстың жастар үшін маңызын атап өтті.

Жарысқа Қазақстанның әр өңірінен және Қырғызстаннан келген 100-ден астам жас спортшы қатысып, 15 салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Бес күнге созылатын турнир 17-21 ақпан аралығында Стадион тұрғын ауданындағы Спорт кешенінде өтеді. Кіру – тегін.

Арыс қаласында осындай ауқымды жарыстың өтуі өңірде спорттың дамуына серпін беріп, жас боксшылардың шеберлігін шыңдауға мүмкіндік жасайды.

Ұқсас жаңалықтар

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ АСА БЕЛСЕНДІ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАНДА ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

Redaktor Arysinfo

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ЕКІ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

berdaly_oraz