МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ОҚУШЫЛАР АҚОРДАНЫ АРАЛАДЫ

Мереке күніне орай еліміздің әр өңірінен келген 100 оқушы Президент резиденциясы – Ақордаға экскурсия жасады. Мемлекеттік резиденция өз есігін дарынды оқушыларға, пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оқу озаттарына, сондай-ақ шығармашылық және спорттық байқаулардың лауреаттарына айқара ашты.

Экскурсия барысында оқушылар ресми қабылдаулар өтетін залдарды, Мемлекет басшысының кітапханасын аралап көріп, Ақорда аумағындағы бақта серуендеді.

Сапар соңында балаларға Президент атынан естелік сыйлықтар табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Ертең 3 мамыр күні Арыс қаласында жалпыхалықтық сенбілік өтеді

berdaly_oraz

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІ «ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНЕ БАРДЫ

Redaktor Arysinfo