ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күніне орай құттықтау жолдап, жас ұрпақтың құқықтарын қорғау, денсаулығын нығайту және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – мемлекет үшін маңызды жалпыұлттық мақсат әрі конституциялық міндет екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы берекелі әрі тату отбасы – бақытты балалық шақтың негізі екенін айтып, отбасы құндылықтарын қорғау Конституцияда айқын көрініс тапқанын жеткізді.

Сондай-ақ Президент өскелең ұрпақтың білім, спорт және өнер салаларында жетістікке жетіп келе жатқанын айтып, олардың жасампаздық рухының жоғары екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында мемлекет әр балаға жүйелі түрде қолдау көрсетіп келеді. Сонымен қатар биылдан бастап «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы іске қосылғаны да айтылды.

Президент жас буынды қолдау әрдайым Әділетті және Озық Қазақстанның басты басымдықтарының бірі болып қала беретінін ерекше атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Инватакси – қолжетімді әрі цифрлы көлік қызметі: Астана мен Алматыда жаңа пилоттық жоба іске қосылды

berdaly_oraz

Арыста тегін көшет таратылады: тұрғындар өз ағашын отырғыза алады

berdaly_oraz

Түркістанда 10 мыңнан астам жасты біріктірген белтемір турнирі өз мәресіне жетті

Redaktor Arysinfo