АРЫСТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОАКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Арыс қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы және 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.

Ауқымды тазалық шарасына қала әкімі Қайсар Маңқараев, мемлекеттік қызметшілер, түрлі мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым өкілдері мен белсенді тұрғындар қатысты. Экологиялық акция Сырдария тұрғын ауданындағы ескі диірмен маңында өткізіліп, аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілді.

Сенбілік барысында қатысушылар бей-берекет тасталған қоқыстарды арнайы қаптарға жинап, техника көмегімен шығарды. Сонымен қатар, стихиялық қоқыс орындары арнайы техникалардың күшімен тазартылып, қоршаған ортаның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылды.

Іс-шара аясында қала әкімі Қайсар Маңқараев пен «Amanat» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков жыл басынан бері тазалық жұмыстарына белсенді атсалысып жүрген бірқатар азаматтарды Алғыс хатпен марапаттады.

Тазалық – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Мұндай экологиялық бастамалар қоршаған ортаны қорғауға, туған жерге деген жанашырлықты арттыруға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Арыс қаласында тазалық пен көркейту жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда «Шексіз өнер – тең мүмкіндіктер әлемі» атты театрландырылған шара өтті

ТҮРКІСТАНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

Альфия Адамбек

Республика күні қарсаңында Ақдала ауылында жаңа спорт кешені ашылды

berdaly_oraz