Қазақстан Ресейдің үш өңірінде мектеп салады

Қазақстан Ресейдің үш өңірінде мектеп салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Жоба аясында мектептер Орынбор облысы, Омбы облысы және Астрахань аумағында салынбақ. Қазіргі таңда Орынбордағы жер телімі бекітілген, ал Омбы мен Астраханьда жер мәселесі нақтыланып жатыр.

Министрдің айтуынша, бұл бастама Ресейдің Қазақстанның Түркістан облысы, Қызылорда облысы және Жамбыл облысы аумақтарында мектеп салу туралы ұсынысына жауап ретінде қолға алынған.

Жаңа мектептерде білім беру қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Тараптар барлық келісімдерге қол қойылғаннан кейін құрылысты бастап, нысандарды шамамен бір жарым жыл ішінде аяқтауды көздеп отыр

Ұқсас жаңалықтар

«Қар,жаңбыр,күшті жел» Қазақстанда 7 наурызда қолайсыз ауа райы болжануда

berdaly_oraz

Түркістандық жас шахматшы халықаралық жарыстан жүлдемен оралды

Абай облысында адам саудасымен айналысқан әйелге сот үкімі шықты

Redaktor Arysinfo