АРЫСТА БАЛАЛАР КҮНІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Арыс қаласындағы Теміржолшылар саябағында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бағдарлама мәдениет үйі өнерпаздарының концертінен басталып, бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шара барысында балалар асфальтқа сурет салып, спорттық сайыстар мен түрлі ойындарға қатысты. Сонымен қатар, өнерлі өрендер ән айтып, би билеп өз қабілеттерін көпшілікке көрсетті. Мерекеге қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов пен қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Тәңірберген Әсіл қатысып, балаларға ізгі тілектерін жеткізді.

Сайыстарда үздік нәтиже көрсеткен балалар марапатталып, алғыс хаттарға ие болды. Қайырымды кәсіпкерлер тарапынан тәтті сыйлықтар таратылып, мереке сәні артты. Іс-шара соңында балалардың шат күлкісі мен қуанышы күннің басты көрінісіне айналды.

Ұқсас жаңалықтар

Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған ХХХІ халықаралық турнир өз мәресіне жетті

Түркістаннан Абай облысына керуен аттанды

АРЫСТА 1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТЕДІ

berdaly_oraz