«Жаңбырдың көп жаууына кім кінәлі? Ресми түсініктеме жарияланды»

Түркістан облысының әкімдігі жауын-шашынды жасанды ұлғайту жобасы мен ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруға шалдығуы арасында байланыс бар деген ақпаратқа ресми түсініктеме берді.

Әкімдік мәліметінше, бұлт себу жұмыстары облыстың жекелеген аумақтарында ғана жүргізілген және өңірдегі жалпы ауа райына немесе ірі атмосфералық процестерге әсер ете алмайды. Жоба Отырар ауданының солтүстік-батыс бөлігінде және Созақ ауданының орталық әрі солтүстік аумақтарында жүзеге асырылған.

Мамандардың айтуынша, жауын-шашынды жасанды көбейту үшін табиғи түрде қалыптасқан бұлттар пайдаланылады. Ұшақтар бұлттарға арнайы экологиялық қауіпсіз материалдар шашып, жауын-шашын түсу ықтималдығын арттырады.

Облыс әкімдігі мамыр айының соңында өңірде байқалған ұзаққа созылған жауын-шашынды аталған жобамен байланыстыруға негіз жоқ екенін мәлімдеді. Өйткені жауын-шашын табиғи синоптикалық жағдайлардың әсерінен болған және мұндай құбылыс еліміздің өзге өңірлерінде де тіркелген.

Әкімдік тұрғындарды тек ресми әрі тексерілген ақпаратқа сүйенуге шақырды

Ұқсас жаңалықтар

ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ – АЗАМАТТЫҚ ҚАТЫСУДЫҢ МАҢЫЗДЫ КӨРСЕТКІШІ

Redaktor Arysinfo

11 АСПАПТА ОЙНАЙТЫН САРБАЗ  

Redaktor Arysinfo

Олжас Бектенов провел совещание по вопросу организации разъяснительной работы в контексте обсуждения проекта новой Конституции

Redaktor Arysinfo