ТҮРКІСТАН: САУРАНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ 500 АДАМ ҚАТЫСҚАН ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Сауран ауданында ауқымды патриоттық іс-шара ұйымдастырылды. Түркістан облысы бойынша бір мезетте өткен таңғы жаттығуға аудан тұрғындары, спортшылар, жастар және дене шынықтыру саласының мамандары қатысып, жалпы саны 500 адамды қамтыды.

Таңғы жаттығуды әйелдер күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионы әрі Азия чемпионатының жеңімпазы Шұғыла Өмірбек жүргізді. Белгілі спортшы қатысушыларға арнайы жаттығулар жасатып, спортпен тұрақты айналысудың маңыздылығын түсіндірді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруға, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және қоғамдағы бірлік пен патриоттық рухты нығайтуға ықпал етеді.

Айта кетейік, аталған акция Түркістан облысының барлық аудан-қалаларында бір уақытта өткізіліп, Мемлекеттік рәміздер күніне арналған өңірлік патриоттық іс-шаралар аясында ұйымдастырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында «Репродуктивті денсаулығын қорғау» апталығы басталды

Түркістан облысы: Сайрам ауданында 100 түп ағаш отырғызылған кең ауқымды сенбілік өтті

berdaly_oraz

Түркістан облысының әкімдігі Woosong University Kazakhstan оқу ордасына 100 грант бөлді