АҚШ пен Қытай жарналарын кешіктіруі БҰҰ-ның қаржылық жағдайына қысым түсірді — WSJ

The Wall Street Journal мәліметінше, Біріккен Ұлттар Ұйымы қаржылық қиындықтарға тап болған. Бұған негізгі себеп ретінде АҚШ пен Қытайдың жарна төлемдерін кешіктіруі аталып отыр.

Хабарға сәйкес, АҚШ ұйымға төлеуі тиіс бірнеше миллиард долларды әлі толық аудармаған. Сонымен қатар Вашингтон шығындарды оңтайландыру саясаты аясында бірқатар халықаралық бағдарламаларға қатысуын қысқартқан.
Басылым дерегінше, АҚШ-тың БҰҰ алдындағы берешегі 4 млрд доллардан асқан.

Ал Қытай да өз жарналарын толық өтеуде кідіріс жасаған. WSJ мәліметіне сай, Қытайдың қарызы шамамен 445 млн долларды құрайды.

БҰҰ-ның негізгі бюджетінің елеулі бөлігі осы екі елдің жарналарына тәуелді болғандықтан, қаржылық теңгерімге айтарлықтай қысым түсіп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Путиннің болжамы: Қазақстан электр қуатының бестен бірін АЭС-тен өндіреді

Redaktor Arysinfo

БҰҰ миссиясының басшысы қазақстандық бітімгерлердің даярлығын жоғары бағалады

Redaktor Arysinfo

Сайлау бәріне бірдей ме? Мүгедектігі бар азаматтардың құқығы толық қорғала ма?

Redaktor Arysinfo