ТҮРКІСТАНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАТЫН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

3-7 маусым аралығында Түркістан қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Құрлықтық додада ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды.

Байдаркада ескек есу бойынша жарысқа Дінмұхамед Шынқожаев, Дмитрий Холмогоров, Егор Краснонос, Денис Кленин, Михаил Затолокка, Дмитрий Ладюков, Эдуард Ярлыков, Глеб Ударцев, Анатолий Русаков, Евгений Русаков және Стелла Суханова қатысады.

Ал каноэде ескек есуден Сұлтан Шарапиев, Полат Төребеков, Владислав Руденко, Юрий Горобов, Татьяна Гладкова, Валентина Трапезникова, Елизавета Масякина, Мария Бровкова, Мария Карманова, Ульяна Киселёва және Руфина Искакова өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Азия чемпионатында жастар құрамаларымен қатар 18 жасқа дейінгі (U18) спортшылар да өзара мықтыны анықтайды. Түркістандағы жарысқа Азияның бірқатар елдерінен үздік жас ескекшілер қатысады деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында сот ұйғарымын орындамаған лауазымды тұлғаларға айыппұл салынды

berdaly_oraz

Түркістан облысында тұрғынды 2 миллион теңгеге алдаған күдікті ұсталды

berdaly_oraz

Түркістан облысында полицей қыз-келіншектер марапатталды

berdaly_oraz