Түркістан темір жол вокзалы сатылымға қойылды

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Түркістан темір жол вокзалы электронды аукцион арқылы сатылымға шығарылды. Жауапты мекемелердің мәліметінше, бұл қадам бюджет шығындарын қысқарту мақсатында қабылданған.Бұл туралы Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.

Бір ғасырдан астам тарихы бар вокзал республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген. Күйдірілген кірпіштен салынған бұл нысан ұзақ жылдар бойы Түркістан қаласын басқа өңірлермен байланыстыратын маңызды көлік торабы болып келеді. Сонымен қатар, ол қаланың экономикасы мен сауда-саттығының дамуына да өз үлесін қосқан.

Жалпы аумағы 876 шаршы метрді құрайтын вокзал 485 миллион теңге бастапқы бағамен сатылымға шығарылды.Вокзалдың болашақ иесі әзірге кім екені белгісіз.

 

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағашта ерекше баланы ұрған маман жұмыстан шығарылды

berdaly_oraz

Биыл Шымкентте 260 адамға қайтарымсыз грант беріледі

ТҮРКІСТАНДА ИНВЕСТОРЛАРМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС-ФОРУМ ӨТТІ

berdaly_oraz

Пікір жазу