Актау қаласында резонанс тудырған іс: қоғам белсендісі есірткімен ұсталды

дереккөз фото: kriminal_kazakhstan

Актау қаласында қоғам белсендісі Мұратбай Жұмағалиев ұсталды. Полиция мәліметінше, 3 маусым күні жүргізілген жедел іс-шара барысында одан аса ірі мөлшердегі есірткі заты табылған.

Құқық қорғау органдарының дерегіне сәйкес, ол бұған дейін әлеуметтік желілерде кең талқыланған даулы оқиғадан кейін ұсталған. Ол оқиғада Жұмағалиев мүмкіндігі шектеулі азаматқа қатысты заңға қайшы әрекет жасады деген айыппен қоғам назарында болған.

Белсенді өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, істі «арандату» деп атағаны хабарланды.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағашта магистральды ауыз су желісін жүргізу барысы пысықталды

berdaly_oraz

В обществе – солидарная ответственность  

ТҮРКІСТАНДА ЗАМАНАУИ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІ ҚАРҚЫНДЫ ОРНАТЫЛУДА