Еңбек құқығы – назарда: Түркістанда заң бұзған жұмыс берушілерге ескерту жасалды

дереккөз фото:Түркістан облысы әкім

Түркістан облысында еңбек құқықтарын қорғау және қызметкерлердің әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қайта қаралды. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өткізген жиында электронды еңбек шарттарын тіркеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару және өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру жұмыстары сараланды.

Бүгінде өңірдегі 663 мекеме 1314 азаматтың еңбек шартын электронды жүйеге енгізген. Алайда Бәйдібек, Созақ аудандары мен Кентау қаласында бұл бағыттағы көрсеткіш төмен күйінде қалып отыр.

Сондай-ақ 1-7 маусым аралығында 1920 заңды тұлға 9612 қызметкердің зейнетақы жарнасын төлеген. Дегенмен Түркістан, Арыс қалалары мен бірқатар аудандарда жұмыс қарқыны жеткіліксіз екені айтылды.

Жиында қызметкерлерді өндірістік жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселесі де көтерілді. Кейбір аудандарда бұл талаптың толық орындалмай отырғаны сынға алынды.

Нұрбол Тұрашбеков еңбек шартын жасамайтын, зейнетақы жарнасын төлемейтін және сақтандыру міндеттемелерін орындамайтын жұмыс берушілерге заң аясында шара қолданылатынын ескертіп, жауапты тұлғаларға жұмысты күшейтуді тапсырды

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТАСКЕСКЕН ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЗАМАНАУИ СПОРТ АЛАҢШАСЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Арыс қаласының тумасы Ордабек Анеля — Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

berdaly_oraz

Әлеуметтік желідегі боқтық сөз үшін 86 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін

Redaktor Arysinfo