Жетісай мәдениеті Түркістан төрінде

Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» кешенінде өткен «Өнерлі өлке» облыстық фестивалінде Жетісай ауданының мәдени күні жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Іс-шара ауданның суретшілері мен қолөнер шеберлерінің көрмесінен басталып, Жетісайдың тарихы, жетістіктері мен әлеуеті көпшілікке таныстырылды. Ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдары мен дәстүрлі өнер шетелдік қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Фестиваль «Жетісай – өнер мен мәдениеттің алтын бесігі» атты гала-концертпен қорытындыланды. Концертте танымал өнерпаздар Бауыржан Бекахметов, Жанатбек Байтеков, Асан Пердешов және Шыңғыс Иса өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Жас таланттар да сахна төріне шығып, ұлттық өнердің өміршеңдігін дәлелдеді. Осылайша Жетісай ауданы өңірдің мәдени әлеуетін танытып, фестивальдің жарқын қатысушыларының бірі болды.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСТАН ШЫҚҚАН АЛТЫН ҚОЛ ҚАҚПАШЫ: ШАНШАР НҰРСАЯТТЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: ОРАҢҒАЙДА ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛУҒА ЖАҚЫН

berdaly_oraz

Шымкентте жаяу жүргіншілер жолында тұрғынды көлік қағып кетті

berdaly_oraz