Alatau City-ге Қытай қызығушылығы артты: Тоқаев Бозымбаевты қабылдады

дереккөз фото:Aikyn.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев қабылдап, Қытай Халық Республикасында өткен Alatau City Roadshow іс-шарасының нәтижелерімен танысты.

Кездесу барысында Президентке халықаралық деңгейде таныстырылған Alatau City жобасына шетелдік инвесторлардың қызығушылығы артып келе жатқаны жөнінде баяндалды. Қытайда өткен роуд-шоу аясында инфрақұрылым, логистика, өндіріс және жоғары технологиялар салаларындағы бірқатар компаниялармен келіссөздер жүргізілген.

Сондай-ақ Мемлекет басшысына инвестиция тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және Alatau City-ді өңірлік экономикалық хабқа айналдыру бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат берілді. Президент жобаны тиімді жүзеге асырудың және инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығына тоқталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Ресейдің үш өңірінде мектеп салады

Redaktor Arysinfo

Путиннің болжамы: Қазақстан электр қуатының бестен бірін АЭС-тен өндіреді

Redaktor Arysinfo

ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ – ҚОҒАМДЫҚ ҮДЕРІСКЕ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУ

Redaktor Arysinfo