Диплом бар ма, жоқ па? Қарағандыдағы медициналық колледж түлектері неге болашағынан қағылды?

дереккөз фото: Байрақ 

Қарағандыда ондаған медициналық колледж түлегінің дипломсыз қалуы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Төрт жыл бойы білім алып, тәжірибеден өткен жастардың тағдырын бір ғана емтихан шешіп отыр. Ең өкініштісі – олардың көпшілігі өту балынан небәрі бір-екі ұпайға ғана қалып қойған.

Түлектердің айтуынша, оқу барысында жақсы нәтиже көрсеткен студенттердің де емтиханнан сүрінуі күмән тудырады. Ал ата-аналар тестілеу жүйесінің ашықтығы мен әділдігіне қатысты сұрақ көтеруде. Егер студент төрт жыл бойы алған білімін дәлелдей алмаса, мәселе тек студентте ме, әлде бағалау жүйесінде ме?

Бүгінде елімізде медицина мамандарының тапшылығы сезіліп отыр. Ауруханалар мен емханаларға жас кадрлар қажет. Осындай кезде ондаған түлектің жұмысқа кірісе алмай, жарты жыл күтуге мәжбүр болуы – кадр мәселесін одан әрі ушықтыруы мүмкін.

Сондықтан жауапты органдар бұл жағдайды жан-жақты зерттеп, бағалау жүйесіне деген сенімді қалпына келтіруі тиіс. Әйтпесе «төрт жыл оқып, бір күнде дипломсыз қалу» ертең кез келген студенттің басынан өтуі мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 144 отбасы жаңа арендалық баспанаға ие болды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ АЯСЫНДА РУХАНИ КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Redaktor Arysinfo