Тоқаев Еуропалық кеңес президенті Антониу Коштамен бейресми кездесу өткізді

дереккөз фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге жасаған ресми сапары аясында Еуропалық кеңес президенті Антониу Коштамен бейресми кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және өзара тиімді серіктестіктің жаңа бағыттарын айқындау мәселелері талқыланды. Тараптар екіжақты қарым-қатынастың қазіргі ахуалына жоғары баға беріп, өзара сенім мен стратегиялық әріптестікті нығайтудың маңызын атап өтті.

Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік перспективаларын қарастырды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы 22–23 маусым күндері Еуропалық кеңес президенті Антониу Коштаның шақыруымен Брюссельге ресми сапармен барып, бірқатар жоғары деңгейдегі кездесулер өткізуде.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының спортшылары “Ақ бидай” ауыл спорты ойындарына дайындықты күшейтті

Жеті әскер спортшысы Италияда өтетін қысқы Олимпиадада ел намысын қорғайды

Redaktor Arysinfo

Шерзат Полат ісі: Марқұмның әжесі сотталушылардың бірін кешірді

berdaly_oraz