Ұлттық ұлан оркестрі полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

дереккөз фото: turkystan.kz.

Петропавл қаласында Қазақстан полициясы күніне орай Ұлттық ұланның Үлгілі-көрсетімді оркестрі салтанатты шеру мен мерекелік концерт өткізді. GuardNext жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шара қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады.

Алдымен әскери музыканттар қаланың көрікті орындарының бірінде салтанатты шеру жасап, кейін концерттік бағдарламасын ұсынды. Оркестр орындауында әскери-патриоттық шығармалар мен отандық эстраданың танымал әндері шырқалды. Өнерпаздар Отанға қызмет етудің маңызын, халық бірлігі мен мемлекеттік құндылықтарды насихаттады.

Ашық аспан астында өткен концерт көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Қала тұрғындары әсем әуендерді бірге шырқап, әскери музыканттарға алғыстарын жеткізді.

Мерекелік шара Қазақстан Конституциясы көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағында өтті. Бұл көше еліміздегі ең ұзын Арбат ретінде танылып, әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енуге үміткерлердің бірі саналады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда тағы бір облыс жаңа жұмыс кестесіне көшпек

Биыл Шымкентте 260 адамға қайтарымсыз грант беріледі

Жетісай ауданында орын алған өрт дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

berdaly_oraz