Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес президенті Антониу Коштаның шақыруымен Брюссельге ресми сапармен барды.

Сапар аясында Қазақстан Президенті Еуропалық Одақ басшылығымен және бірқатар халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен кездесулер өткізеді деп жоспарланған. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және саяси ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланады.

Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу көзделген.

Айта кетейік, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы әріптестік соңғы жылдары жаңа деңгейге көтеріліп, өзара тиімді ынтымақтастықтың маңызды бағыттары бойынша байланыстар нығайып келеді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандықтардың табысы мен шығысы eGov жүйесіне енгізіледі: жаңа цифрлық жүйе не береді?

Redaktor Arysinfo

Бас мүфти: Діни терминдерді қазақша қолданайық

berdaly_oraz

БҰҰ миссиясының басшысы қазақстандық бітімгерлердің даярлығын жоғары бағалады

Redaktor Arysinfo