Қала әкімінің кезекті жеке қабылдауы өтті

Қала әкімі Қайсар Маңқараев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті рет қабылдады. Азаматтарды қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған бірқатар әлеуметтік мәселелерді көтерді.

Атап айтқанда, тұрғын үй кезегіне қатысты сұрақтар, тұрақты жұмысқа орналасу, баспанамен қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік сипаттағы өтініштер айтылды.

Қала әкімі әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар көтерілген мәселелердің бірқатары бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын жеке бақылауда ұстайтынын жеткізді.

Сондай-ақ кейбір өтініштер бойынша жағдайды жан-жақты зерделеу қажеттігін атап өтіп, тиісті мән-жайлар толық анықталғаннан кейін нақты шешім қабылданатынын айтты.

Қабылдау қорытындысында тұрғындардың өтініштері назарға алынып, көтерілген мәселелерді кезең-кезеңімен шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетіні мәлімделді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында құқық қорғау органдары, банк және байланыс операторларының өкілдері бас қосып, алаяқтық қылмыстардың алдын алу мәселесін талқылады

berdaly_oraz

25 мыңнан астам әскери қызметкер арнайы даярлықтан өтіп жатыр

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

berdaly_oraz