Бір патрон үшін бір жыл: сот әділдігі салтанат құрды ма?

дереккөз фото: turkystan.kz

Елорда тұрғынының сөмкесінен әуежайда бір патрон табылып, ол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы қоғамда қызу талқыланған мәселеге айналды. 22 жастағы жігіттің айтуынша, ол патронды құрылыс маңынан тауып алып, шығармашылық түсірілімге арналған реквизит ретінде пайдаланбақ болған. Кейін оны сөмкесіне салып қойғанын ұмытып кеткен.

Алайда бір жылдан соң Алматыға ұшпақ болған кезде әуежайдағы тексеру барысында патрон анықталды. Алғашқы сот шешімімен ол оқ-дәріні заңсыз иемденгені, сақтағаны және тасымалдағаны үшін бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген.

Дегенмен кассациялық сот істің барлық мән-жайын саралай келе, жас жігіттің әрекетінен қоғамға елеулі қауіп туындамағанын атап өтті. Іс материалдарында патронды қылмыстық мақсатта пайдаланбақ болғаны, сатпақ болғаны немесе басқа біреуге бермек болғаны туралы дәлелдер анықталмаған. Сондай-ақ одан қару табылмаған және ешкімге зиян келмеген.

Нәтижесінде сот Қылмыстық кодекстің 10-бабына сүйеніп, әрекеттің қоғамға қауіптілігі болмашы екенін ескеріп, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты істі тоқтатты.

Бұл оқиға заң талаптарын сақтаудың маңызын көрсетумен қатар, әр істің мән-жайын жан-жақты бағалау қажеттігін де айқындап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕТІСАЙДА АУЫЛ БАЛАЛАРЫНА ҮЛКЕН СЫЙ: БІЛІМ КҮНІНДЕ 200 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН: ОРАҢҒАЙДА ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛУҒА ЖАҚЫН

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА «ЖАҢА ҚОНЫС – 2026» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ