ПРЕЗИДЕНТ ТҮРКІСТАНДАҒЫ САММИТТІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА АЛҒЫС БІЛДІРДІ

Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі

Қасым-Жомарт Тоқаев 15 мамыр күні Түркістан қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті қорытындысы бойынша арнайы жиналыс өткізіп, халықаралық іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарға ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысы саммитке дайындық жұмыстарына жан-жақты қолдау көрсеткен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен өңір тұрғындарының еңбегін атап өтті.

Президенттің айтуынша, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Түркістан қаласы түркі әлемінің рухани әрі мәдени-гуманитарлық ықпалдастық орталығы ретінде ірі халықаралық іс-шараларды өткізуге дайын екенін көрсетті.

Сонымен қатар, шетелдік делегация өкілдері мен саммит қонақтары қаладағы жол сапасына, көшелер мен саябақтардың тазалығы мен жасыл желегіне оң бағасын берген.

Мемлекет басшысы облыс және қала әкімдігіне көне Түркістан шаһарын дамыту, көркейту және абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.

Жиын барысында Президент еліміздің абыройын арттыру жолында еңбек еткен әкімдік қызметкерлерін, мемлекеттік мекемелер өкілдерін, әскери және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, коммуналдық сала мамандарын, еріктілер мен белсенді азаматтарды мемлекеттік наградалармен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттау жөнінде шешім қабылданғанын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста TEDx форматындағы рухани көшбасшылық кездесуі өтті

berdaly_oraz

8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай Arysinfo өз оқырмандарына тосын сый жасады

berdaly_oraz

Түркістан облысында су тасқынының алдын алу шаралары тұрақты бақылауда

berdaly_oraz