«Той үшін несие алмаңыз»: сарапшы қазақстандықтарды қаржылық қателіктен сақтандырды

Қазақстандықтардың несиеге той жасау немесе қымбат баспана алу әдеті қаржылық тұрақтылыққа қауіп төндіреді. Бұл туралы сарапшы айтып, азаматтарды қаржылық сауаттылықты арттыруға шақырды.

Оның айтуынша, көптеген адам табысын жинақтап, ұзақ мерзімді қаржылық жоспар құрудың орнына несие рәсімдеп, бір күндік салтанатқа немесе шамасынан тыс қымбат мүлікке қаржы жұмсайды. Мұндай шешім кейін отбасы бюджетіне ауыр салмақ түсіріп, қарыз жүктемесін арттырады.

Сарапшы ең алдымен қаржылық қауіпсіздік қорын қалыптастырып, табыс пен шығынды дұрыс жоспарлау қажеттігін атап өтті. Оның пікірінше, несие тек шынайы қажеттілік туындаған жағдайда ғана алынуы тиіс, ал той сияқты уақытша шығындар үшін қарызға бату – қаржылық сауатсыздықтың көрінісі.

Маман қазақстандықтарға қаржылық мүмкіндігін дұрыс бағалап, артық шығыннан бас тартуға және болашақтағы тұрақтылықты бүгіннен бастап ойлауға кеңес берді.

Ұқсас жаңалықтар

Тәжірибе – елге қызмет: «Күміс жас» жобасы қарқын алды

Ақтаулық өнерпаздар Грузияда ел мерейін үстем етті: 7 Гран-при Қазақстанға бұйырды

Redaktor Arysinfo

Арыс қаласында газдандыру қарқынды жүргізілуде

berdaly_oraz