ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АҚСАҚАЛДАР АЛҚАСЫ ХАЛЫҚТЫ ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІПТІ САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Құрметті Арыс қаласының тұрғындары!

1 шілдеден бастап елді мекендерді абаттандырудың жаңа қағидалары күшіне енеді. Осыған орай барша тұрғындарды өз үйінің айналасын таза ұстап, қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

Жеке тұрғын үй иелері өз үйлеріне іргелес аумақтың тазалығын қамтамасыз етуге міндетті. Үй маңында қоқыс, құрылыс қалдықтары, қураған шөп, арамшөп және ұзақ уақыт жиналып қалған қажетсіз заттардың сақталуына жол берілмеуі тиіс.

Тазалық – тек заң талабы ғана емес, әр азаматтың мәдениеті мен туған жерге деген құрметінің айқын көрінісі. Сондықтан әрқайсымыз өз ауламызды, көшемізді және ортақ пайдаланылатын аумақтарды таза ұстап, туған қаламыздың көркеюіне өз үлесімізді қосайық.

Сонымен қатар, айыппұл мөлшері құқық бұзушылықтың нақты түріне және заң талаптарына сәйкес белгіленетінін еске саламыз. «Әр үйдің дәл 5 метр жеріне міндетті түрде айыппұл салынады» деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және ресми құжаттарда көрсетілмеген. Негізгі талап – үйге іргелес аумақты күтіп ұстап, қоқыс пен артық заттарды үйіп сақтамау.

Тазалық – ортақ жауапкершілік!
Таза қала – әрқайсымыздан басталады!

 

ІЗБАСАР МҮТӘЛІҰЛЫ НАЗАРОВ.                                                                                                                          Арыс қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының ескекшілері ел чемпионатында 30 медаль жеңіп алды

Шымкентте 6 жасар бала кәріз суына батып қайтыс болды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРҚЫНЫ КҮШЕЙДІ: ӨҢІР РЕСПУБЛИКАДА 1-ОРЫНҒА ШЫҚТЫ

Redaktor Arysinfo