Атырауда құны 619 млн теңгеден асатын 78 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

дереккөз фото: turkystan.kz.

Атырау облысында кадастрлық құны 619 миллион теңгеден асатын, жалпы аумағы 2182 гектарды құрайтын 78 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Прокуратура жүргізген талдау барысында кәсіпкерлік, тұрғын үй және өзге де мақсаттар үшін уақытша өтеулі пайдалануға берілген бірқатар жер телімдерінің ұзақ уақыт бойы игерілмегені анықталған.

Сондай-ақ жер учаскелерін шаруашылық айналымына енгізу бағытында жергілікті атқарушы органдар тарапынан қажетті шаралардың дер кезінде қабылданбағаны белгілі болды.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде уәкілетті органдар жер пайдалану құқықтарын тоқтатып, пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару бойынша тиісті жұмыстарды жүргізді.

Қадағалау органы бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасып жатқанын және олардың прокуратураның тұрақты бақылауында екенін мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар

ForteBank Түркістанда заманауи қаржы орталығын ашады

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА А ГЕПАТИТІНЕ ШАЛДЫҚҚАНДАР АЗАЙДЫ

berdaly_oraz

Отырарда Шәмші Қалдаяқовқа арналған мерекелік концерт өтті

berdaly_oraz